Ғалымдардың айтуынша, жалпы халық үшін COVID-19 вакцинасының қосымша күшейткіш дозалары қажет емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігінің ғалымдары және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық вакцинаның күшейткіш дозаларын қолдануға өз қарсылықтарын білдірді. Олардың пікірінше, вакциналардың қосымша дозасын енгізу үшін көбірек дәлел қажет.

Бұл көзқарас АҚШ үкіметінің денсаулық сақтау саласындағы реттеушілердің келісімі бойынша келесі аптаның басында толық вакцинацияланған көптеген американдықтарға тағы бір рет екпе салдыруды ұсыну жоспарына қайшы келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакциналар әлі де маңызды екенін алға тартады.

«Күшейткіш дозаны енгізу қажеттілігі немесе уақыты туралы кез келген шешімдер жеткілікті түрде бақыланатын клиникалық немесе эпидемиологиялық деректерді мұқият талдауға негізделуі тиіс. Бұл ауыр сырқаттанушылықтың айтарлықтай төмендегенін көрсетеді. Қолданыстағы дәлелдемелер бүкіл халық үшін қосымша дозаны қолдану қажеттілігін көрсетпейді», – деп атап өтті сарапшылар.

АҚШ-та «Дельта» штаммының әсерінен COVID-19 аурулары жоғарылап жатқанына байланысты, президент Джо Байден әкімшілігі вакцинацияланған адамдар арасындағы инфекциялар олардың қорғанысының әлсіреуінің белгісі болуы мүмкін деп алаңдайды. Сонымен бірге осы орайда иммунитетті қалпына келтіру әдісі ретінде күшейтетін дозаларды енгізген.

FDA өз кезегінде иммундық тапшылығы бар американдықтар үшін Pfizer мен Moderna коронавирус вакцинасының үшінші дозасын салдыруды мақұлдады.