Израильдегі дәрігерлер баланың жұлынып кеткен басын тігіп үлгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
12 жасар баланы велосипедпен жүргенде, көлік қағып кеткен. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оның басы мойыннан толығымен дерлік ажыраған.
«Бас сүйегі жоғарғы омыртқалардан толық бөлініп қалды. Ол дәрігерлердің тез шешім қабылдап, команда жасаған ең күрделі отаның арқасында тірі», – деді отаны басқарған ортопед доктор Охад Эйнав.
Дәрігер отадан аман қалу мүмкіндігі пациент үшін 50 пайыз болғанын атап өтті. Алайда дәрігерлер мұндай жарақаттан кейін баланың өмірінде ауыртпашылықтар көп болады деп қорықты. Осыған қарамастан, 12 жастағы науқас өзін қазір жақсы сезінеді және бір айдан кейін ауруханадан шығарылады.
«Балада неврологиялық тапшылық, сенсорлық немесе моторлық дисфункция жоқ, ол қалыпты жағдайда және өзгенің көмегінсіз жүре алады. Бұл ғажайып», – деді Эйнав.
Доктор Марк Сигель, медицинаның клиникалық профессоры және Нью-Йорк университетінің Лангон медициналық орталығының тәжірибелік терапевті отаның сәтті өтуіне не себеп болғанын түсіндірді. Оның пікірінше, жарақат салдарынан бас омыртқадан бөлінгеніне қарамастан, негізгі қан тамырлары бүтін күйінде қалып, миды қанмен қамтамасыз ете берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!