Денсаулық сақтау және әлеуметтік ұйымдар медицина сапасына қанағаттану, мейірбике қызметкерлерінің жұмысын бағалаудың оңтайлы критерийін бағалауды жолға қойған.

Медициналық көмектің сапасы дер кезінде көмек көрсетумен өлшенеді. Қазір медбикелердің білімін, кәсіби дағдыларын арттыру жолға қойылған. Орта медициналық білімі бар білікті мамандар денсаулық сақтау ғана емес, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында да өз қызметін сәтті жүзеге асыруда. Халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттануы – денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді тиімді шешудің жетекші факторы. Жоғарыда айтылған зерттеу сауалнама түрінде социологиялық әдісті қолдану арқылы жүргізіледі. Жақында осындай сауалнамаға барлығы 18 бен 87 жас аралығындағы 20 пациент қатысты.
«Сіз медбикенің кәсіби шеберлігін қалай бағалайсыз?» деген сұраққа келесі нәтижелер алынды: 60% адам медбикенің шеберлігін 5 балмен бағалады, 30%-ы 4 балмен, 10%-ы 3 балмен бағалады. Мейірбикелердің жеке қасиеттерін бағалауды талдауға қатысқан 90% (18 адам) жауапкершілікті ең маңызды сапа деп санайтынын көрсетті, содан кейін нәтижелер келесідей бөлінді: 80% – зейінділік, 60 % – әдептілік, 50 % – қарапайымдылық, 40 % – ұқыптылықты маңызды санады.
«Мейірбике сізге ойдағыдай көмек берді ме?» деген сұрақтың нәтижесі төмендегідей. Көп бөлігі қанағаттанатынын айтса, 10% «жоқ» деп жауап берді. «Медбикенің жұмысына көңіліңіз тола ма?» деген сұраққа 80% (16 адам) иә, 20% (4 адам) жоқ деп жауап қалдырды.
“Медбике қауіпсіздік ережелерін ұстана ма?” деген сұраққа 60%-ы иә деп, 30%-ы жоқ десе, 10%-ы жауап беруге қиналамын деген нұсқаны таңдады.
«Сіздің ойыңызша, мейірбикелік көмектің сапасын қалай арттыруға болады?» деген сұраққа жауап бере отырып, пациенттер бірінші кезекте медбикелердің жалақысын көтеру туралы ұсыныс жасады. Екінші орынға олар жүктемені азайтуға көмектесетін іс-шараларды қабылдау туралы ұсыныс қойды.
Зерттеу нәтижелері келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

  1. Мейірбикелердің жұмыс сапасына пациенттердің қанағаттану дәрежесі жалпы жоғары.
  2. Мейірбикелердің кәсіби дайындығы айтарлықтай жоғары, пациенттердің 60%-ы осылай деп бағалайды.
  3. Пациенттер үшін ұжымдағы қарым-қатынас та маңызды рөл атқарады.

Алия Ерманқызы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!