Әнші, КешYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш продюсер Баян Алагөзованың топ жайлы деректі фильмнің үшінші бөлімінде айтқан сөздеріне жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ешкімге реніші жоқ екенін айтты.
“Ақ-қарасын ажыратып жазып жатқан жандарға рақмет. Ешкімге ренішім жоқ! Бұл шешім және бұл дүние уақытша екенін ұмытпайық. Дүние алма-кезек. Өзімізді жақсы көрейік, басқаларын сыйлайық, барды бағалайық”, – деп жазды ол.
Балжан Бидаштың бұл жазбасын желі қолданушылары продюсерге берген жауабы ретінде қабылдады. Пікір қалдырғандардың бір бөлігі әншіні қолдап, жылы лебізін білдірсе, енді бірі оның мерейтойлық концертке қатыспау туралы шешімін құптамады.
“Баян мен Бағым ұстаз. Олар ұрысады, керек жерінде қатты айтады. Сонша жыл жұмыс істеп келіп, бір сөзді көтере алмай қалғаны қызық болыпты”, “Қатты уайымдамаңыз, сіздің орныңызда кез келген қызға кем дегенде ауыр тиер еді. Сіз жарқын, көзге түсетін, сұлу жансыз!”, “Дұрыс істедіңіз. Мен сіздің орныңызда болсам, ол ер адамды сотқа берер едім!”, “Шындыққа ренжімейді”, – деп жазды олар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
