BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК бүгінге, 26 мамырға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Оған сәйкес, Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Астана, Атырау, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Мамандардың мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – ауада зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқамерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Олардың қатарына тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.
Осыған байланысты аталған қалаларда атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
