Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларды вакциналау қандай мерзімге жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

“Қазіргі таңда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау мәселесі министрліктің консультативтік органы – ҚР халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясында (ИКК) талқыланып жатыр. ИКК ұсынымын алғаннан кейін түпкілікті шешім қабылданады”, – дейді бас санитар. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта COVID-19-ке қарсы Pfizer-BioNTech вакцинасы – 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдер үшін қолжетімді жалғыз вакцина.

“Осыған байланысты, біздің министрлік Pfizer вакцинасына 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда. Қазіргі уақытта вакцинаның қажетті көлемін есептеу, суық тізбек жағдайын қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр (Pfizer вакцинасы үшін ультратөмен температуралық режимді – минус 60 -90 градусты сақтау қажет). Жасөспірімдерді вакциналауға арналған вакцина шамамен 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізіледі. Бұл ретте вакцина салатындарды толық ақпараттандырып, өздерінің ерікті келісімін алған соң, ата-аналарының немесе ресми өкілдерінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады”, – дейді Қияов. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!