Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы ревакцинация қажет болуы мүмкін, деп хабарлады “Хабар 24” арнасы.
Вакцинаны қайтадан салу, салмау мәселесін анықтау үшін адамның бойында антиденелер қанша уақыт сақталатыны зерттелуі керек.
“Бұл спайс-ақуызға байланысты. Антидененің көрсеткіші нөлге тең болған жағдайда адамдар қайтадан вакцина салғызуы керек болуы мүмкін. Ревакцинация мәселесі әлі талқылануда. Ақпан-наурызда халықтың көп бөлігі, негізінен медициналық қызметкерлер вакцинацияланғанын ескере отырып, күзге қарай, қазан-қараша айларында олардың кейбіреулеріне қайта вакцинация қажет болуы ықтимал”, –дейді жоғары санатты инфекционист-дәрігер Сәуле Атығаева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!