ҚР Бас санитарының №54 қаулысына сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері толығымен ревакцинация жасатты. Оған №3 қалалық емхананың бір топ дәрігерлер бригадасы алдын-ала жеке құрамның қан қысымын өлшеп, тексеру жүргізді.

  • Елдегі пандемияға байланысты КОВИД-ті алдын алу мақсатында екпе салдыру өте маңызды. Бұл ретте біздің мекеме қызметкерлері жауапкершілік танытып, бір ауыздан түгел ревакцинация алды. Жалпы қазіргі ахуалға байланысты іште санитарлық талаптар түгел сақталған. Барлығы маскалық режимде, антисептикпен қамтылған,-деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы міндетін атқарушы Әйгерім Баймұрзаева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!