Видеодан алынған кадр
Жаңаөзендегі дүкендердің бірінде жеңілдіктер науқаны кезінде келушілер шамадан тыс көп жиналған, – деп хабарлайды KAZINFORM. Бұл ақпаратты полиция растады.
Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, дүкендегі адам көптігі жеңілдіктер науқаны кезінде болған.
Оқиғаға байланысты сауда орнының иесіне қатысты тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!