QazVac қазақстандық вакцинасының сапасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» ЖШС сертификатын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті.

Тіркеу нөмірі 000669, кәсіпорын өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС Халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды. Сертификатқа «Халал Даму» ЖШС директоры А.А.Аташев қол қойған.