Маман кеңесі

Қолқа демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы ісіну ауруы, олар сыртқы және ішкі әрекеттерге жоғары сезімтал болады және кезең бойынша тұншығу ұстамалары қайталанып тұрады.

Қолқа демікпесінің дамуын соңғы жылдары қолқа қабынуының ерекше түрімен байланыстырады, олардың сезімталдығы қоздыратын факторлар әсерінен бірден артады. Қоздыратын («асқындыратын») фактордың әсерінен қолқа бұлшықеттері тартылады (қолқа жиырылады), шырышты қолқа ісінеді, қою сөл (қақырық) пайда болады, бұл үдерістер демікпе ұстамаларының (тұншығу ұстамаларының) дамуын анықтайды.

Ауруды асқындыратын, қоздыратын факторлар: өсімдік тозаңы, үй шаңы, жануарлар жүні, басқа да аллергендер; ауа-райы факторлары (жел, барометрлік қысымның өзгеруі, ауа райының ылғалдылығы, ауа-райының құбылуы), жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының вирустық және бактериялық аурулары; кейбір тағам өнімдері, кейбір дәрілер, ағзаның гормондық бұзылуы және көптеген басқа факторлар. Әдетте бұл аурудың тұқым қуалайтыны анықталған, ал қолқа демікпесінің өзі жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялық (пневмония, жіті, созылмалы бронхит) ауруларынан кейін жиі пайда болады.

Қолқа демікпесінің тұншығу ұстамалары – кенет ауаның жетпеуі, жөтелу ұстамалары, тыныс алу кезінде ысқырықты қырылдың ара-тұра жиі естілуі мен кеуденің «тарылуы» арқылы білінеді. Тыныс алуын жеңілдету үшін науқас амалсыз ыңғайлы қалыпты ұстайды: қолмен тіреп отырады. Ұстама асқындыру факторларының әсерімен байланысты. Ұстамалар созылмалы өкпе бронхы, жіті респираторлық ауруларының асқынуынан, ұсынылған емді қадағаламалау кезінде өршиді. Ұстамадан тыс науқастар тыныс алудың ауырлығын немесе басқа да жағымсыз жағдайларды басынан өткізуі мүмкін. Бұл ұстамалы ауру түріндегі қолқа демікпесіне тән белгілер.

Қолқа демікпесін емдеу келесі бағыттардан тұрады:

1. Ұстама туғызатын факторлардан мүмкіндігінше алшақ болу, ол үшін қолқа демікпесімен ауыратын әр науқас өзінің дәрігерімен бірге осы факторлардың тізімін құруы қажет;

2. Сыртқы және ішкі тыныс алу жолдарының, ас қорыту мүшелерінің (соның ішінде өт шығару жолдарының) ауруларын уақытылы емдеу;

3. Дәрігер белгілеген дәрілерді жоспар бойынша айқын қолдану.

Қолқа демікпесімен ауыратын науқаста әрқашан өзімен бірге тез әрекет ететін препарат болуы тиіс. Әр пациент тез әрекет ететін ингаляторды жиі (тәулігіне 4-реттен көп) қолдануына болмайды, себебі тұншығудың ауыр ұстамасы – астма ауруына әкеп соғуы мүмкін. Әдетте қолданылатын препараттардың әсері азайған кезде шұғыл түрде дәрігерге баруыңыз қажет.

Қолқа демікпесінің алдын алу бала кезінде, әсіресе аллергия ауруларына бейім отбасыларда өткізілу керек. Жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын уақытылы емдеу, шылым шегуден бас тарту, шынықтыратын емшараларды, мәдени тамақтануды сақтау қажет.

Сәнімкүл ӨТЕГЕНОВА,

Көпбейінді облыстық аурухананың

қабылдау бөлімінің аға мейіргері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!