«Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Бұл туралы Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында атап өтіп, отандық «QаzVac» екпесіне өзге елдерден сұраныстың болып жатқандығына тоқталды. Бұл еліміздің денсаулық сақтау саласының дамып жатқанының бір көрінісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбек Үсеновтің айтуынша бүгінде облыс бойынша вакцинациялау жұмыстары жалғасып, аймақ азаматтарына «Спутник V», «Hayat Vax», «SARS-CoV-2», «Vero Cell», «QazVac-in» және «CoronaVac», «SinoPharm» вакциналары салынуда.

Ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 13 қыркүйегі аралығында облыста коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 288 029. Бұл халықтың 71,9 пайызын құрайды. Ал 2 компонентімен егілгендер саны 59,7 пайыз немесе 239 397 адамды құрап отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!