ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы арнайы жұмыс сапарымен Сыр өңіріне келіп, ат басын арнайы облыстық онкология орталығына бұрды.

Сенат депутатының сапары барысында халыққа көмек көрсету сапасын арттыру, денсаулық саласындағы мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Кездесуде облыстық онкология орталығының бас дәрігері Мырзағалиева Нұржамал Жұмағалиқызы атқарылған жұмыстар мен жетістіктерді баяндады. Одан соң барлық бөлімшелерді аралап, ем алушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Сапар соңында Сенат депутаты жасалынған жұмыстарға оң бағасын берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!