Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандықтар арасында дәрігер Прокушева статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, коронавируспен ауыратын немесе оған қарсы екпе салдырған ер азаматтар «белсіздік» ауруына шалдығады деген жалған ақпаратты таратуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус пен вакцинация туралы тағы бір фейк ақпарат әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтар арасында тез таралуда. Бұл жолы жазба авторы гинеколог, эндокринолог, уролог және гомеопат Ирина Прокушева COVID-19 жұқтырған немесе оған қарсы вакцина алған ерлердің көбею қабілетін жоғалтады деген қорытындыға келгенін айтады.

"Вакцинация ерлерді "белсіздікке" әкеледі": Қазақстандықтар жаңа ақпаратты талқылауда

Хабарламада сонымен қатар, 9 қазанда Прокушева мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен кездесу өтетіні, онда вакцинацияны тоқтату және Ashyq жүйесін жою туралы мәселе көтерілетіні айтылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Денсаулық сақтау министрінің дәрігер Ирина Прокушевамен кездесуі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Вакцина мен Ashyq жүйесін жою туралы мәселе қазіргі таңда қарастырылып жатқан жоқ», – деді министрлік.

Коронавирус ауруы, ерлердің бедеулігі мен вакцинация арасындағы тікелей байланыс туралы мәлімдемеге қатысты StopFake.kz 18-ден 50 жасқа дейінгі сау ерлер қатысқан зерттеулерге сілтеме жасап көрсетеді. Эксперимент кезінде ғалымдар препаратты қабылдағанға дейін және одан кейінгі ұрықтағы сперматозоидтардың санын талдаған.

Нәтижелерге сәйкес, вакцинация еркек жыныс жасушаларының саны мен сапасына теріс әсер ете отырып, керісінше олардың саны мен қозғалғыштығын арттырады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!