Kyzylorda-news.kz. Елде вирусқа қарсы екпе салдырғандар бірқатар шектеу шараларынан босатылды. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Айтуынша, вакцинаның қос дозасын алған азаматтардан ауруханада дәрігерлер ПТР тестілеу анықтамасын талап етпейді. Сонымен қатар бұл жеңілдік вахталық қызметте жұмыс істейтіндерге, медициналық колледж бен ЖОО студенттеріне және еңбек демалысынан шыққан немесе сырқат парақшасы бар медициналық қызметкерлерге де қатысты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!