Банкке 2978 теңге қарыз болған адам банкрот деп тану жөнінде өтініш берген. Бірінші несие бюросы бұл процедура кейін ауыр зардаптарға әкеп соқтыратынын ескертті. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бірінші кредиттік бюроның Telegram арнасында жарияланған мәлімет бойынша, елде жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық туралы өтініштерін қабылдау 2023 жылғы наурызда басталған. Жыл соңына дейін қазақстандықтар 77 мыңға жуық өтініш берсе, 62 мың өтініш қабылданбаған. «8,3 мыңға жуық адам банкрот деп танылды. Қарыздың медианалық сомасы шамамен 962 мың теңге, орташа сомасы шамамен 1,6 миллион теңге болды. Бір қызығы, ең төменгі сома – небәрі 2978 теңге», – делінген бюро хабарламасында. Сондай-ақ Бірінші кредиттік бюро банкроттықтың ауыр зардаптары бар екенін ескертті. Соның ішінде ең ауыры – банкрот деп танылған соң өтініш беруші тағы бес жыл бойы банктер мен микроқаржы ұйымдарынан ешқандай несие ала алмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!