Фото: Көлік министрлігі

Алматы облысының жолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды KAZINFORM.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, Алматы облысындағы «Алматы – Байсерке – Ақсай» автомобиль жолының 20–51 шақырым аралығында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ауыр көлік тізгіндеген жүргізушілер аталған жолды қолдана алмайды.

– Бұл шара жолдағы жөндеу жұмыстарына байланысты енгізілді. Жүк көлігі жүргізушілерінен жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, балама қозғалыс бағыттарын пайдалануды сұраймыз, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!