Фото: Kazinform

Тараз тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі тікелей эфирге назар аударып, тексеру жүргізген.

– Полиция қызметкерлері «Тау адам» деген атпен тіркелген аккаунттың Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салиховқа тиесілі екенін анықтады, – делінген ІІМ хабарламасында.

Тараз қаласы сотының шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!