Фото: GOV.KZ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік бажды есепке алу және бюджеттен қайтаруға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, бюджет кодексінің 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартқа сәйкес елімізде жасалған ресми құжаттарға ел Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік баж республикалық бюджетке есепке жазылады.

Мемлекеттік баждың қалған түрлері жергілікті бюджеттерге есепке алынады.

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу үшін келесі бюджеттік сыныптама кодтары бекітілген:

  • 108125 БСК «Республикалық бюджетке төленетін мемлекеттік баж»;
  • 108126 БСК «Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж».

Осылайша еліміз ратификациялаған халық-аралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға ел Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж БСК 108125 есепке жазылады, ал мемлекеттік баждың қалған түрлері БСК 108126 есепке жазылады.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 623-бабы 2 және 3 тармақтарымен мемлекеттік баж уәкілетті мемлекеттік орган-дардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жері бойынша есепке жатқызылатыны көзделген. Мемлекеттік баж сомаларын бюджетке төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

Банк заңнамасына сәйкес төлемдерді бюджетке төлеу кезінде төлем құжатында міндетті түрде бенефециар – ақша алушыны көрсету көзделген. Мемлекеттік бажды төлеу кезінде төлем құжатында «Бенефециар» (ақша алушы) жолында уәкілетті мемлекеттік органның (заңдық мәні бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген кезде) орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органы көрсетіледі.

Дархан МУСТАФАЕВ,
Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасының Талдау және есепке алу
бөлімінің басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!