Қызылорда өңірінде стартаптарды дамытуға бағытталған DEEPSCALE 2.0 инкубациялық бағдарламасы өз жұмысын сәтті аяқтады. Бір айдан астам уақытқа созылған бағдарлама барысында қатысушылар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, өнімді нарыққа шығару және инвестиция тарту бағыттары бойынша қарқынды оқыту мен менторлық қолдаудан өтті.

Бағдарламаға еліміздің әр өңірінен 35 стартап жоба қатысып, олардың авторлары тәжірибелі кәсіпкерлерден, салалық сарапшылардан және инвесторлардан практикалық білім алды. Бағдарлама аясында воркшоптар, трекинг-сессиялар және жеке консультациялар ұйымдастырылды.

Қызылордада DEEPSCALE 2.0 инкубациялық бағдарламасы қорытындыланды

Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша 18 жоба финалдық Demo Day кезеңіне өтті. Қатысушылар ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, өндіріс және басқа да инновациялық бағыттардағы жобаларын таныстырды.

Қорытынды Demo Day барысында стартап командалары өз жобаларын сарапшылар мен әлеуетті инвесторларға ұсынып, олардың даму перспективалары бойынша кәсіби кері байланыс алды. Бағдарламаны сәтті аяқтаған жобалар алдағы уақытта венчурлық қорлар мен жеке инвесторлардан инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болады.

Қызылордада DEEPSCALE 2.0 инкубациялық бағдарламасы қорытындыланды

DEEPSCALE 2.0 бағдарламасы қатысушыларға стартаптарын жүйелі дамытуға, бизнес-модельдерін жетілдіруге және инвестицияға дайын жобалар қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бағдарламаның нәтижелері Қызылорда облысында инновациялар мен технологиялық кәсіпкерліктің қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.

Бағдарламаны Қызылорда облысының ақпараттық технологиялар орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!