Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері республиканың 5 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. 

Фото: Pixabay

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!