BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК шілде айында ауа температурасы жоғарылаған сайын құрғақ құбылыстарға бейім аудандардың ұлғаю ықтималдығы сақталатынын, жауын-шашын көбінесе қысқа мерзімді болатынын мәлімдеді. 

Алдын ала болжамға сәйкес 2026 жылдың шілдесінде бірқалыпты құрғақшылық жағдайлар күтіледі.

Құрғақшылық болатын аудандар

Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;

Қарағанды облысының Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Үлкен Нарын, Куршим, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында және Шемонаиха мен Өскемен қаласы маңайларында;

Абай облысының Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы және Жаңасемей аудандарында;

Алматы облысының Балхаш және Жамбыл аудандарында;

Жетісу облысының Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;

Жамбыл облысының Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;

Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;

Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

Бірқалыпты ылғалдылық болжанған аудандар

Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында;

Ақтөбе облысының Мартук, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында.

Айта кетейік, елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!