9 шілде, кешегі күнде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өрт оқиғалары Павлодар облысында, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында, «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.
Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы арқылы дер кезінде анықтаған.
– Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық өрт қысқа мерзім ішінде толықтай сөндірілді. Өртті ауыздықтауға мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары мен арнайы техникасы жұмылдырылды, – делінген ведомствоның хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
