SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Каспий теңізінің Әзербайжан секторында су астындағы мұнай құбыры зақымдалып, теңізге мұнай төгілді. Апат салдарынан жағалау маңында ірі мұнай дағы анықталған.
Оқиға танымал Дюбенди жағажайы орналасқан аумақта болған. Ластануды алғаш болып «Азнефть» өндірістік бірлестігінің мамандары байқаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, мұнайдың ағуына су астындағы құбырдың сырттан зақымдануы себеп болуы мүмкін. Компания өкілдерінің айтуынша, тексеру барысында теңіз бетінде мұнай дағы табылған.
«Алдын ала болжам бойынша, құбыр зәкірдің соғылуынан зақым алған болуы мүмкін», – деп мәлімдеді SOCAR.
Қазіргі уақытта апатты құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау толығымен тоқтатылған. Экологиялық зардаптарды жою және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жедел штаб құрылды.
Оқиға орнына Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі күштері тартылды. SOCAR жағдай бақылауда екенін және салдарды жою бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
