Арал ауданында бір тоннадан астам балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекциясы бөлімі жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында Арал ауданының Қарашалан-Бөген автожолында “Газель” маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру барысында Шөмішкөл елді мекенінің тұрғыны тиісті құжаттарсыз жалпы салмағы 1261 келі балық тасымалдағаны анықталды. Келтірілген залал 2 317 466 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!