Қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасалды.

Қазгидромет ел аймақтарында 30 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Ал Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік антициклон кіруімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде – тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі», – деп жазды синоптиктер.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде 1-7 градус үсік, Қарағанды, Ұлытау облыстарында топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Фото: Pixabay

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!