Соңғы күндері әлеуметтік желіде теңіз жағалауында жүзіп жүрген қолтырауынның бейнежазбасы тарады. Желі қолданушылары видео Каспий теңізі жағалауында түсірілген деп болжам жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Бейнежазба Каспий теңізінде түсірілуі мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда мекендейді. Сондай-ақ ауа райы жылы Африка секілді тропикалық және субтропиктік аймақтарда өмір сүреді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият саралай келе, ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік»,- дейді Ғаббас Досатов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!