Екі құлақ және үшеу,

Көктеп шықты жер жарып.

Бұл бәйшешек гүлдері,

Көктем енді келді анық.

Көктем келді, бүршік атып,

Алма ағашы гүлденді.

Қыстан шыққан солғын дала,

Бір тамаша күйге енді.

 Құстар ұшып көк аспанда,

Қанат қағып самғайды.

«Көктем келді» деп көкек те,

Сүйіншілеп, сарнайды.

Көктем гүлін  ұнатамын,

Ұнар сізге білемін.

Әр мезгілдің кереметін,

Үнемі айтып жүремін.

Арысбек АБЗАЛ,

  «Жас қаламгер» үйірмесінің мүшесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!