Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келген Air Astana ұшағының қанатшасын құстар зақымдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгін KS9960 Нұр-Сұлтан – Алматы рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын рейстен кейінгі тексеру барысында зақымданғаны белгілі болды. Құстардың ұшақ қанатына соғылған іздері табылды”, – деді Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы жөндеу жұмыстарын Air Astana инженерлік-техникалық бөлімінің қызметкерлері жүргізетінін атап өтті.

Айта кетейік, бұл құстарға қатысты бірінші жағдай емес. 18-23 тамызда Air Astana әуе компаниясының екі ұшағының қозғалтқыштарынан құстардың соғу іздері табылған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!