Оның айтуынша, қазір еліміз бойынша энергия өндіретін жабдықтар орташа есеппен 67 пайызға тозған.

Энергетика министрлігінің жаңа басшысы Алмасадам Сатқалиев жылу тарифі үкімет бекіткен инфляция деңгейіне сәйкес өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол мәжілісте жылу энергетикасы туралы заң жобасын таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, қазір еліміз бойынша энергия өндіретін жабдықтар орташа есеппен 67 пайызға тозған. Энергия жүйесін қалпына келтіру және экономика өсімінің қарқынын ұстап тұру үшін жаңа энергия көздерін салу қажет.

«Тариф белгілі бір кезең аралығында өсуі керек. Мемлекеттік органдар да, табиғи монополияларды реттеу комитеті де, экономика министрлігі де мұны түсінеді деп ойлаймын. Оның үстіне бізде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жарияланды. Яғни, оған құйылатын қаражат өте қатаң бақыланады. Соның ішінде тек тексеретін органдар тарапынан емес, әрекет ету органдары тарапынан да бақыланады», – деді Сатқалиев заң жобасын таныстыру барысында депутаттар сұрағына жауап беріп.

Тариф көтеріледі, бірақ үкімет белгілеген инфляция деңгейіне және тиісті мемлекеттік органдар бекіткен энергия нысандарының инвестициялық бағдарламаларына сәйкес өседі.

Ол экономикалық параметрлерді пайдаланып, энергия субъектілерінің шығынын барынша оңтайландырып, есептеу жұмыстарын жүргізіп, объективті тариф ұсынылатынын айтты.

Фото: pixabay

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!