«Алматы әйнек» компаниясының негізін қалаушы Әзім Абдуллаев Б.Назарбаевты бинесін күшпен басып алғанын айтып айыптаған. Абдуллаевтың жала жауып жатқанын дәлелдеу үшін Назарбаев сотқа жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот Б.Назарбаевтың дертке шалдыққанын және физикалық жағынан ешкімге зиян тигізе алмайтынын ескеріп, үкім шығарды.

Назарбаевтың өкілдері моральдық шығынды өтеу ретінде 1,5 миллион теңге талап етті.  Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, Абдуллаевтен 500 мың теңге өндіру туралы шешім шығарды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында тарату фактісінің болуын, таратылған ақпараттың ақиқатына сәйкес келетін мән-жайлардың жоқтығын, қозғалған қылмыстық істердің және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сот актісінің фактілерінің жоқтығын ескере отырып, сараптама қорытындысы бойынша сот талапкердің талаптары ішінара қанағаттандырылды деген қорытындыға келді», – делінген Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотының қаулысында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!