Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2027 – 2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Болжамның базалық сценарий бойынша алдағы үш жылда жалпы ішкі өнім орташа есеппен 5 проценттен жоғары болады.

«2027 жылы – 5,3, 2028 жылы – 5,5, ал 2029 жылы – 5,4 процент. Номиналды жалпы ішкі өнім 2027 жылы 199,3 трлн теңгеден 2029 жылы 245 трлн теңгеге дейін өседі», – деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Вице-премьердің айтуынша, ел экономикасы мұнайдан тыс салаларда өндірістің ұлғаюы есебінен өседі.

Ал ауыл шаруашылығы негізгі драйверлердің бірі болады. Оның жыл сайынғы орташа өсуі кемінде 5% құрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!