Сурет: gov.kzӘлібек Жамауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Әлібек Жұмабекұлы Жамауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

Сүлейман Демирел атындағы университетті, Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясында кіші кеңесші болып бастаған.

2006-2009 жылдары Аgip Kazakhstan Caspian Operating компаниясының кеңесшісі, супервайзері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!