Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет. Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:
ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу қажет;
дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру керек;
«Кодты жіберу» батырмасын басу қажет;
алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізу керек.
Бұл сервис салымшыларға жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!