АҚШ-тың Орегон қаласында өткен жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғап, «алтын» алған Нора Джеруто қанша сыйақы алатыны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.

Спортшымыз белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, рекорд орнатқан болатын. Орегондағы жарыста жекелей сында өнер көрсеткен чемпиондарға  жүлде қорынан 70 мың АҚШ доллары көлемінде төлем қарастырылған. Ал жеке сында 2-ден 8-ге дейінгі орынға ие болған  спортшылар 5 мыңнан 35 мың долларға дейін алады.

Айта кетейік, Кения тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға рұқсат алды.