фото: ашық дереккөзден алынды

Қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының «Әлемдегі үздік тревел-блогер» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марапаттау рәсімі Францияда Канн фестивалі аясында өтті. Бұл жеңіс қазақстандық блогердің әлемге танымал инфлюенсерлермен бір қатарда аталуына мүмкіндік берді.

WIBA Awards 2026 digital-контент саласындағы беделді халықаралық марапаттардың бірі саналады. Сыйлық интернет индустриясына ықпал етіп, кең аудиторияның назарын аударған авторларға табысталады.

Дастан Мұхамедрахымның видеолары кинематографиялық стилімен ерекшеленеді. Ол өз контентінде табиғатты, қалалардың атмосферасын және түрлі елдердің мәдениетін көрсетеді. Соңғы бір жылда оның көптеген видеосы миллиондаған қаралым жинап, кейбірі Instagram-ның ұсыныстар бөліміне және ресми парақшаларына шыққан.

Әлеуметтік желі қолданушылары мен әріптестері блогерді жеңісімен құттықтап, мұны қазақстандық блогинг үшін маңызды жетістік деп бағалап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Дастан Мұхамедрахымның WIBA Awards 2026 жеңімпаздарының қатарына енгені хабарланған еді. Алайда марапаттау рәсімі енді ғана өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!