Фото: aikyn.kz

Байқоңыр қаласындағы бірқатар көшеге қазақша атау берілді, деп хабарлайды Kazınform.

Бұл шешімге Байқоңыр қалалық әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қол қойған.

Ендігі кезекте қаладағы Авиационный көшесі даңқты әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы, Гостиничный проезд көшесі Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова, Внутриквартальный проезд көшесі Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың атымен аталады. Сондай-ақ, аталған шаһардағы ұзын Набережная көшесі Қорқыт ата атындағы жағалау болып өзгерді.

«Мұндай игілікті шара бұдан бұрын да жүзеге асқан еді. Атап айтқанда, қазірге дейін қала тұрғындары Абай даңғылы, Жанқожа батыр көшесімен қауышты. Оған қоса тағы бір көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмырза Жармановтың құрметіне қойылған болатын», – деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілдігінен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!