Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Димаш Құдайбергеннің әніне Бурабай көлінде би билеп, көпшіліктің қошеметіне ие болып жатыр.

«Кеше тұңғыш рет Бурабайға барып қайттым. Тұмса табиғаттың көркін тамсанумен бірге уақытты жақсы өткіздім. Армандарымның бірі орындалды: мен көлде Димаш Құдайбергеннің «Біл» әнінің сүйемелдеуімен би биледім. Кейінгі кезде сол ән санамда сайрап тұратын болыпты», – деп жазды мәнерлеп сырғанаушы Instagram парақшасында.

Элизабет Тұрсынбаеваның жанкүйерлері жазба астында жағымды пікір қалдырып жатыр. Керемет көрініс, ертегідегідей деген пікірлерді көріп, бидің көпшілікке ұнағанын аңғаруға болады.