Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 30 қыркүйек – халықаралық аудармашылар күніне орай «Көп тіл – бір мамандық» атты оpen talk өтті.

Кәсіби аудармашылар – ұлттар арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына, рухани және мәдени құндылықтың артуына ықпал ететін мамандар.

Кездесуде «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Жанна Ізтілеуова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде аудармашылардың даярлануы, бұл мамандықтың шығу тарихы туралы атап айтты.

Ал АҚШ азаматшасы, «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының оқытушысы  Келси Добровски ағылшын тілін білудің маңыздылығы, Қазақстан Аударма академиясының ілеспе аударма оқытушысы Гүлшан Алиева аударма қызметінің ерекшелігі туралы презентациямен таныстырды.

Қызылорда облысы әкімдігінің өкілі Мөлдір Мұратова қытай тілінен аударма жасаудың ерекшелігі, Сыртқы байланыстар бойынша сарапшы Жансая Қаныш мәдениетаралық байланыс туралы сөз қозғады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қазіргі уақытта қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілінен аудармашылар даярланады.

Жиын барысында «Кітап құрттары» клубының негізін қалаушы Талғат Меңдібай білім алушыларға әлем әдебиетіндегі үздік 10 кітаптың тізімін ұсынды. Сондай-ақ, интеллектуалдық ойын ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар тарту етілді.

Айта кету керек, шараға тәжірибелі аудармашылар, сыртқы байланыстар бойынша сарапшылар, АҚШ-тан келген оқытушылар және «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

                                              Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!