15 шілде – бүкіләлемдік жастар дағдылары күніне орай өңірлік коммуникация орталығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ж.Н.Базартай брифинг берді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем елдерінің үкіметтеріне өмір сүру экономикалық жағдайына, сондай-ақ, жастар арасындағы жұмыссыздық проблемасына назар аударуы мақсатында 15 шілде – Бүкіләлемдік жастар дағдылары күні деп бекітті.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде кез келген студенттің оқу-тәрбие үдерісінде өзін-өзі дамытуына барлық жағдайлар жасалған. Ол үшін 7 оқу залы, 2 электрондық оқу залы, 2 миллионнан астам кітап қоры, жаңа үлгідегі компьютерлік парк, 64 мамандандырылған оқу зертханалары, әрбір кафедраның жанындағы пәндік үйірмелер, «Мәңгілік Ел» оқу-ғылыми орталығы, «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залы, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залы, университеттің тарихи мұражайы, Студенттер сарайы, дыбыс жазу студиясы, «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені, 7 спорт залы мен 3 жазғы спорт алаңы, 7 студенттік асхана, 3 студенттік жатақхана, медициналық пункт қызмет етеді. Сонымен қатар, университеттің барлық оқу ғимараттарында музыкалық күшейткіштер мен білім алушыларға арналған демалыс орындары бар.      

Жандос БазартайҚорқыт ата Атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры:

«Университетте білім алушыларды кәсіпкерлікке тарту мақсатында «Business Start» жастар кәсіпкерлігі орталығы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда орталық бастамасымен 33 жоба жүзеге асты. 89 студент өз бизнесін бастап жас кәсіпкер атанды. Аталмыш жобаларға осы уақыт аралығында 88 млн. теңге инвестиция салынып, 22 млн. теңгені «Zhas project» жобасы аясында біздің университет студенттері жеңіп алды. «Business Start» жастар кәсіпкерлігі орталығы «Astana Hub», «IT-park», Қызылорда облысы әкімдігімен және т.б орталықтармен тығыз әріптестік байланыс орнатқан»,-деді.

Университетте студенттердің бойында отансүйгіштік, көшбасшылық және бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін дамыту мақсатында, сонымен қатар білім мен ғылымға баулу, өнер және спортпен белсенді айналысуға бағыттайтын 21 жастар ұйымдары еріктілер ретінде жұмыс жасайды. Жастар ісі жөніндегі комитетінің үйлестіруімен «Студент Жастар Одағы» қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» Жастар қанаты, «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасағы, «Ақиқат» дебат клубы, «Жасыл ел» студенттер жасағы,  «Қорқыт жастары» жайдарманшылары, «Қыз Жібек» қыздар кеңесі, «Студенттік парламент», «Қазақстан Студенттері Альянсының» филиалы, «Қыран» еріктілер жасағы, «Қорқыт шақырады» жастар қозғалысы, «Шашбаулым» қыздар клубы, «Домбыра думан» клубы, «Сыр сымбаты» спорт клубы, «Book club», «Good deed» еріктілер клубы, «Достық» студенттік клуб, «Жауқазын» жастар театры, «Саналы ұрпақ» фронт клубы, «Enactus» ұйымы,  «Сырлы қалам» жас ақындар клубы.

2021 жылдың сәуір айында тұңғыш рет университет ғылыми гранты аясында жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің конкурсы өткізілді. Жеңімпаздарға жаңа оқу жылында 10 млн теңге қаражат бөлінбек. Гранттың басты мақсаты – жастардың өңір экономикасының өзекті проблемаларына арналған зерттеулеріне қолдау көрсету, оларды жаңа ізденістерге жігерлендіру.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!