Бұл сәтті тойға келген қонақтардың бірі видеоға түсіріп алып, оны әлеуметтік желіде жариялады.

Ақ жаулықты анасының 70 жасқа толған мерейтойында тосын сый жасаған ұлы көпшілікті таң қалдырды. Орта жастағы ер кісі анасына ақ жарма тілегін айтып, пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Экспресс К. 

Бұл сәтті тойға келген қонақтардың бірі видеоға түсіріп алып, оны әлеуметтік желіде жариялады.

Бейнежазбадан тойхана ортасына шыққан ұл анасына өз тілегін айтқанын көруге болады. Оның сөзіне қарасақ, ер кісі бүгінде Түркияда тұратын секілді.

«Алматыда жүргенде күніне бір рет хабарласатын едім, енді Түркияда жүріп күніне екі рет қоңырау шаламын. Бәріміз анаға қарызбыз ғой. «Сізді қайда апарсақ?» деп ойландым. Бірақ, сіз қазір бара алмайсыз. Сондықтан мынау Орал қаласынан пәтер кілті сізге»,— деді ұлы.

Анасына баспана сыйлаған ер кісі тіпті көз жасына ерік берді. Оны көрген той қонақтары да еріксіз көздеріне жас алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!