Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 60 мекемесінің режим бөлімінде есірткі заттарын анықтау мақсатында қызметтік иттермен бірге тінту жүргізіледі. Иттердің уақытылы тамақтануы қатаң бақылауда. Бұл иттердің көмегімен есірткі, қару ізделінеді.

– Итті жаттықтырып дайындау әдеттегідей күшік кезінен мойнына қарғыбау тағып қолға үйретуден басталады, маманмен тіл табысу мен өзара сөйлесе білуге үйретеміз. Оқу-жаттығу күнделікті үздіксіз жүріп отырады, себебі ит әрқашан және кез-келген жағдайға дайын болуы тиіс. Ең басты тағы бір итке қойылатын талап – тыңдай білуге үйрету, кинологтың берген нұсқауын бұлжытпай орындау. Иттер уақытылы тексеріліп, ветеренариалық қараудан өтіп тұрады. Мартин есімді итті мен жаттықтырамын. Сондай-ақ тыйым салынған заттар мекеменің ішкі аумағына енуінің алдын аламыз. Кинолог болу үшін жануарларға деген махаббат жеткіліксіз. Шыдамдылық, мақсаткерлік, білім қажет. Итті жақсы көрмесе, жан-дүниесі мен табиғатын түсінбесе, олармен жұмыс істеу қиын. Итті күшік кезінде олардың мінезін әбден зерттеп алу қажет. Итті күтіп-баптау, тамағын беру біздің міндетіміз. Жануар қомқорлықты қажет етеді. Олардың адамдарға деген адалдығы мен сенімділігінде шек жоқ, – дейді режим бөлімінің бақылаушы кинологы Аманғалиев Бекзат Маратұлы.
Бөлім қызметкерлері осы иттердің көмегімен тоқсан сайын бір рет тінту жұмыстарын жүргізеді.


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!