Аймақта облыс әкімінің тікелей қолдауымен Әкелер, Аналар кеңесі құрылып, ұрпақ тәрбиелеуде абыройлы міндеттер атқаруда. Сонымен қатар өңірдегі барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар комитеті нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді. Соның дәлелі – қаладағы С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің ата-аналар комитеті «Үздік ата – аналар комитеті» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.

«Қазақ халқы қай уақытта да ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп аса жауапкершілікпен қараған. Осы орайда, әр білім беру ұйымындағы ата-аналар комитеті мектепке және отбасыға көмек көрсету мақсатында құрылды. Жақында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балалардың құқықтарын қорғау» комитеті мен адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ұйымдастыруымен «Үздік ата – аналар комитеті» байқауы ұйымдастырылды. Сайыс ережесіне сәйкес, байқау 3 кезең бойынша өткізіліп, 17 аймақтан қатысқан ата-аналар комитеті өз жұмыстарының таныстырылымын жасады. Облыс атынан қатысқан біздің мектептің ата-аналар комитеті озық деп танылып, жеңімпаз атандық. Бұл біздің аймақта ата-аналар мен мектеп байланысы мықты екенінің үлгісі», – деді С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрайымы Самал Абдуғаппарова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!