Астанада әскери қызметкер 15-қабаттан секірмек болған жасөспірім қызды аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

83205 әскери бөлімінің техник-жүргізушісі сержант Ерік Ысқақов 20 тамызда Астана қаласының Оңтүстік-шығыс шағынауданына туыстарына келген екен.

«Күтпеген жерден жиені көрші көпқабатты үйде қыз балконнан секірмек боп жатыр деп айқайлады. Мұны көріп мен кіреберіске жүгіріп барып, лифтпен 14-ші қабатқа шықтым. 15-ке баспалдақпен көтерілдім. Жайлап жақындап, балконнан оны тартып түсіріп алдым», – деді Ерік Ысқақов. 

әскери

35 жастағы әскери қызметкер төрт баланың әкесі екен. Сондай-ақ ол Арыс қаласының оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғындарды эвакуациялауға қатысқан.

“Төменде құтқарушы мен жасөспірімді ТЖМ, полиция және медицина қызметкерлері күтіп тұрды. Сержант Ысқақов өз әрекетін ерлік деп санамайды, алайда жасөспірімді орны толмас қайғыдан құтқара алғанына қуанғанын жасырмады”, – деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінің өкілдері. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!