Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, “Брейн-ринг” интеллектуалды сайысын ұйымдастырды.

Сайыста «ҚазгерМұнай», «ҚорМұнай» компаниясы, облыстық жастар денсаулық орталығы, облыстық медицина орталығы және Қызылорда қуат желі компаниясының (КРЭК) командалары бақ сынады.

Сайыс қорытындысы бойынша облыстық жастар денсаулық орта­лығы жеңімпаз атанса, ІІ орынға  облыстық медицина орта­лығы тұрақтады. Ал  «ҚорМұнай» компаниясының командасы ІІІ орынды қанағат тұтты.

Интеллектуалды сайыста үздік деп танылған жастарға арнайы марапаттау қағазы мен қаржылай сыйлық табысталды.