«МЕНІҢ ЕРІКТІ ҰЖЫМДАСТАРЫМ» АТТЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫЖАРИЯЛАНДЫ

«Менің ерікті ұжымдастарым» атты бейнероликтер байқауы жарияланды.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және және облыстық «Волонтерлар Фронт Офисінің» ұйымдастырумен өтетін байқаудың мақсаты – Рухани – адамгершілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу, ұжымдастар арасында ауызбіршілікті қалыптастыру, еріктілік бағытында атқарылған жұмыстардың жетістігін насихаттау, қоғамға қалтқысыз қызмет көрсету, жастарды елмен бірге, ұжымды халықпен бірге жұмыс істеуге, еріктілікті арттыруға, жас ұрпақты еріктілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке баулу.

Байқау  шарттары:

– жұмыстар коорпоративтік волонтерлік бағытында болу міндетті;

– аймақ бойынша мемлекеттік және жекеменшік, корпорациялық, кәсіпорын мекемелерінің ұжымдары қатыса алады;

– ұжымда еріктілікпен айналысатын 3 қызметкерден кем болмау;

– бейнеролик уақыты 1 минуттан кем болмау;

– бейнероликтің сапалық деңгейі 720p HD жоғары болуы міндеттеледі;

– байқауға қатысу үшін кез-келген ұжым қызметкері өз бейнероликтерін Instagram әлеуметтік желілеріне өз жұмыс орнының атауын жазып #Менің Ерікті Ұжымдастарым хештегімен салуы тиіс. Осы хештег арқылы бейнероликтер қаралатын болады)

Бағалау критерийлері:

– байқаудың тақырыбына сәйкестігі;

– тақырыптың толық ашылуы;

– идеяның өзіндік ерекшелігі;

– «30 игі іс», «Қайырымды істер марафоны» аясында түсірілген ұжымдық еріктілік бейнебаян мәтіні;

Байқауға материалдарды жариялау мерзімі:

2021 жылдың 18 маусымы  2шілдесі аралығы;

 (байқауға материалдарды қабылдау тоқтатылады 2 шілде сағат 15:00-де)

Байқаудың шешімі:

2021 жылдың 5 шілде күні орталықтың әлеуметтік парақшасында жарияланады.      

Байқау қорытындысымен марапаттау:

Жүлделі І, ІІ, ІІІ – орын облыстық жастар ресурстық орталығының дипломы мен бағалы естелік сыйлықтары табысталады.

Қазылар алқасы:

– Қазылар алқасының құрамы ұйымдастырушылар тарапынан жүзеге асырылады;

– Қазылар алқасы құрамының шешімі қайта қаралмайды.

Қосымша ақпарат: 8 747 742 33 20 Сымбат Оңдасын

Облыстық жастар

ресурстық орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!