2023 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында құны 32,2 миллиард теңге болатын 3176, ал «Шаңырақ» бойынша 39,7 миллиарде теңгеге 3610 ипотекалық несие бөлінбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіхабарлайды.

Айта кету керек бұл деректерді депутаттық сауалға жауап берген премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жариялаған еді. 

«Тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде көпбалалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жетім балаларға 5% жарна бойынша табыстың шекті деңгейлерін қоспағанда және кемінде 10% міндетті бастапқы жарнамен 2% жарна бойынша, кезекте тұрғандардың қалған санаттарына жеңілдікті кредиттер беріледі. Бұл ретте несиенің мақсаты әлеуметтік тұрғын үй сатып алу», – делінген ресми жауапта.  

2019-2022 жылдары «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 160,5 млрд теңгеге 14 938 несие, 2020-2022 жылдары «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша жалпы құны 239,1 млрд теңгеге 19 394 несие мақұлданды.

Сонымен қатар, ресми жауапта республикалық бюджеттің шектеулеріне, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз етудегі басымдыққа байланысты жас отбасылар үшін жеке бағдарлама енгізуге мүмкіндіктің жоқтығы атап өтілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!