Нұр-Сұлтан әкімдігі жариялаған Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады. Алғашқы эскиздер пайда болды, онда композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы — саксофонмен бейнеленген, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасында — оң жағындағы төменгі бұрышта «Кері байланыс» арқылы, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.

Қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Бүгін, яғни 18 мамырда композитор 59 жасқа толар еді. Оның қайтыс болғаны туралы хабар бүкіл елді, миллиондаған тыңдарманын есеңгіретіп жіберді.

Қазақпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!