Тәуекелшіл болу керек, қорықпау керек. Мемлекет мұғалімдерге бар мүмкіндікті жасап жатыр. Шетелде білім алғыңыз келе ме? Біліктілікті арттырғыңыз келе ме? Мархабат! Тек талмай ізденіп, халықаралық тілді меңгерсе болғаны. Мұғалімдердің қоғамдағы беделі түсіп кетті деген пікірдің де қалыптасқаны жасырын емес. Білімді, сапалы маман қай жерде де сыйлы, абыройлы болады. Сондықтан, әр мұғалім өзіне жіті мән беріп, үнемі өзін-өзі дамытумен айналысуы керек. Осы қағиданы ұстанатын жастың бірі – Қадыр Фариза Жаңабайқызы. Ол Қызылорда қаласы  N3 IT мектеп-лицейін бітірген.

Фаризаның ағылшын тіліне деген қызығушылығы бала кезден басталды. Теледидардан ағылшын тілінде филімдер көріп, қызығушылығын одан әрі арттырды. Сондай-ақ мектеп қабырғасында шет тілдерді меңгеру мақсатында ағылшын тілін үйренуге ынталанып түрлі олимпиадалаға қатысты. Оның бүгінге дейін жеткен жетістіктері көп. Бір-екеуіне тоқталар болсақ, Италиядағы Римде өткізілген халықаралық олимпиададан жүлделі бірінші орын иеленді. Одан бөлек Франция, Испания елдеріндеде болды. Сондай-ақ Ұлы Британия консулдығында ағылшын тілін меңгерген денгейі жайлы арнайы сертификат алды.

– Ағылшын тілі – əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Бір тіл білген бір ғана адамдық келбетпен күн кешеді. Екі тіл меңгерген екі адамның қабілетін жүктейді. Үш тіл – үш адам. Төрт тілмен дүниенің төрт бұрышына түгел қол жетеді. Ағылшын тіліне деген құрметім шексіз. Әрине өз туған тілім – ана тілім басты орында. Дегенмен ағылшын тілін меңгерудің де артықшылығы жоқ, – дейді Фариза Жаңабайқызы. Ол қазіргі таңда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және шет тілдері университетінің екі шет тілі мамандығының 2 курс студенті. Ағылшын және неміс тілдерін меңгеруде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!