Тұғыры тыныштық, тірегі  тұрақтылық, тілегі  татулыққа негізделген елдің болашағы кемел болады емес пе?! Менің кіндік қаным тамған жер – Төменарық ауылы. Өзім қазақ тілін жақсы білемін. Қазақ тілі мен үшін ең сұлу, ең шұрайлы тілдердің бірі. Оны үйренуде де еш қиналған емеспін. Жүрек қалауыммен үйренуге талпынып, бай тілдің терең иіріміне қалай бойлағанымды өзім де байқамай қалдым. Бұған ықпал еткен қазақ халқының дархандығы дер едім. Қазақстан – менің Отаным! Қазақ тілі – менің де тілім!

Бірлік түбі – береке. Әрдайым татулықты ту етіп, ынтымақты ырысымызға балай білейік, ағайын! Мереке құтты болсын!

Евгений МЕТЕЛЕВ,

Жаңақорған ауданы